Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Кітапханалардың табыс кілті: оқу, ойын және инновация» атты семинар өтті. Оған аудандық және ауылдық кітапханалардың кітапханашылары қатысты.
Семинардың мақсаты – кітапханашыларды заманауи ойын технологияларымен таныстыру. Мамандар оны балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыту ЖӘНЕ оқуға қызығушылықты арттыру мақсатында қолдана алады. Бағдарламада тренингтер, коучинг, тәжірибелерді талдау және шеберлік сабақтары қамтылған.
СНХР: БАЯН МҰҚАЖАНОВА –Ғ. МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ ОБЖК ӘДІСКЕРІ
Семинар барысында спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісті. Айыртау аудандық кітапханасы балалар бөлімінің кітапханашысы Наталия Еременко «Кітапханадағы үздік жобалар» тақырыбында баяндама жасады. Ол кітапхана қызметкерлері жүзеге асырып жатқан бес жоба туралы айтып берді.
СНХР: НАТАЛИЯ ЕРЕМЕНКО – АЙЫРТАУ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КІТАПХАНАШЫСЫ
Семинар тәжірибе алмасу және жаңа идеялар іздеу алаңына айналды. Мамандар заманауи құралдар мен ойын әдістерін меңгеріп, кітапханаларды жас оқырмандар үшін одан әрі тартымды ету жолдарын қарастырды