2024 жылы облысқа 556 млрд теңге көлемінде инвестиция құйылған. Ал, биыл аймаққа 650,2 теңге көлемінде қаражат бағытталуы тиіс. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиында айтылды. Маңызды кездесуде өңір басшысы белгіленген жоспарды орындай алмаған аудан басшыларынан жауап алып, оларға нақты міндеттер жүктеді. Және жауаптыларға 9 пунктен тұратын тапсырма берді.

БАЙБОЛАТ БЕКТЕМІРҰЛЫ, тілші:

- Инвестиция тарту - өңірді дамытудың бірден-бір жолы. Бұл мәселе қазір облыстық әкімдік қабырғасында қаралатын болады. Маңызды жиынға аудан әкімдері, басқарма басшылары мен белді кәсіпкерлер шақырылған. Биыл аймаққа қанша қаржы құйылады? Былтырғы көрсеткіш қандай? Жоспарды орындай алмай жатқандар бар ма? Дәл қазір осы және өзге де сұрақтарға жауап іздейміз.

Өңірге инвестиция тарту мәселесіне бірінші кезекте Дархан Әмрин жауап береді. Алқалы жиынның басында кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына басшылық ететін шенеунік бірнеше беттік баяндама оқып шықты. Алдымен өткен жылға тоқталайық. Былтыр облысқа қыруар қаржы құйылыпты. Көрсеткіш республикалық межеге сәл ғана жетпей қалған.

СНХ: ДАРХАН ӘМРИН, СҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы


Былтырғы жоспармен биылғы жоспарды салыстыруға келмейді. Ағымдағы жылы облысқа шамамен 100 млрд теңге көп құйылуы қажет. Аз ақша емес. Бұл жерде аудан әкімдері жатпай-тұрмай күш салуы тиіс. Алайда, тізгін ұстаған тұлғалар әлі қамшы басуға асықпай отырған көрінеді. Мұны Дархан Әмрин ашық айтты.

СНХ: ДАРХАН ӘМРИН, СҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы


Қаржы тарту бағытында нәтижеге жету кілтін Ғабит Мүсірепов ауданының әкімі Руслан Аңбаев бірінші тапқан сияқты. Петропавлдықтарға жақсы таныс азамат жетекшілік ететін ауданда жеке инвестицияның үлесі айтарлықтай басым екен. Мұны аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов бас айтып, өзгелерді Руслан Әкімжанұлынан үлгі алуға шақырды.

СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі


Ғауез Нұрмұхамбетовтың сөзінше, көшті 6 аудан артқа тартып тұр. Жиын барысында аймақ басшысы солардың әкімдерін орындарынан тұрғызып, жауап алды. Микрофон ұстаған атқамінерлер жағдай көп ұзамай реттелетіндігін жарыса айтты. Нәтиже керек. Маңызды міндетке Президент жиі назар аударады. Жуырда тапсырма да жүктегенін айта кету қажет.

СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі


Жиын соңында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жауаптыларға 9 пунктен тұратын тапсырма берді. Оларды орындау қажет уақытты да қадап айтты. Сонымен қатар, өңірімізге инвестиция тартуға негізделген міндеттер ұдайы талқылауда болатынын жеткізді.