Өңірімізден Ауған соғысына мың жарым интернационалист-жауынгер аттанған. Қазір 20-шы ғасырдың ең ұзақ қантөгісін көзімен көрген 600-ден астам жерлесіміздің көзі тірі. Соның ішінде бандалық құрылымдарды жоюға белсенді қатысқан Қосман Бегалинов сәуір айында 85 жасқа толады.
Қосман Бегалинов Омбы облысы Есілкөл ауданының тумасы. Әкесінің айтуымен Отан соғысының алдында отбасымен Мамлют ауданына көшкен. Мектепті Аққайың ауданында аяқтайды.
СНХ: ҚОСМАН БЕГАЛИНОВ, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ
Қосман Әбуұлы әр ісін асқан жауапкершілікпен атқарды. Осы қасиетінің арқасында облыстық Ұлттық Қауіпсіздік комитетінен қызметке шақырту алады. Ойлана келе күтпеген ұсынысты қабыл алып, жедел уәкіл ретінде жұмысқа орналасады.
СНХ: ҚОСМАН БЕГАЛИНОВ, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ
1980 жылы Қосман Бегалиновты жұмыс барысымен Мәскеуге жіберді. Ол тек сол жерде ғана Ауғанстанға баратынын білген. Осылайша соғыстың өршіп. жағдайдың күрделеніп тұрған кезінде Қоспан Бегалинов Шығыс провинциясына жіберілді.
Қосман Әбуұлы соғысқа 30-дан асқан шағында барды. Ерлігіні еленіп Андронов пен Горбачевтан грамота алған. Былтыр Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің атынан ҚР құрметті азаматы атағын алды.