Синоптиктердің болжамынша, 26 наурыздан бастап ауа температурасы жоғарылап, күн жылынады. Сәйкесінше су тасқыны қаупі де жоғарылайды. «Қазгидромет» кәсіпорнының облыстық филиалының ақпараты бойынша, осы аптада Ақмола облысынан су келмек. Десек те, биыл өткен жылғы табиғи апат қайталанбайды. Қазіргі жағдайдың метеорологиялық көрсеткіштері 2014 жылғы жағдайға ұқсас.

СНХ: ҚЫМБАТ МЕРҒАЛИМОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ