СҚО-да ер адам мұз астына құлап кетті
24 наурыз күні Петропавлда ер адам «Жеңіс саябағы» бақылау алаңы маңында мұз астына түсіп кетті. Куәгерлер бірден 112 нөміріне хабар берген. Абырой болғанда ер азамат судан аман-есен құтқарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Оқиға орнына жеткен ТЖМ жедел-құтқару жасағының мамандары 1969 жылы туған ер адамды жағадан 40 метр жерден тапты. Құтқарушылар арнайы құралдарды, оның ішінде құтқару арқаны мен шеңберін қолданып, оны мұзды судан аман алып шықты.
СНХР: РИЗАБЕК ТЕМІРБЕКОВ СҚО ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ОФИЦЕРІ
55 жастағы ер адам көпсалалы қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді.
СНХ: ЕКАТЕРИНА БЕЛОУСОВА, КӨПСАЛАЛЫ ҚАЛАЛЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ
Дәрігерлердің дер кезінде көрсеткен көмегінің арқасында науқастың жағдайы тұрақталып, ол жарақат бөліміне ауыстырылды.