Көктем - жаңару және игі істердің уақыты. Облыс орталығында «Наурызнаманың» ең соңғы күні – Тазару күні аясында «таза қала» акциясы өтті. Жастар ресурстық орталығының мүшелері жалғызілікті зейнеткерлердің үйіне барып көмектесті.

75 жастағы Галина Григорьевна 50 жылдан астам уақыт бойы Жұмысшы кентінде тұрады. Жасы ұлғайған сайын әжейге күнделікті шаруаны атқару қиын. Сондықтан, волонтерлер оған бұл жолы да келіп, көмектесті.

СНХ: ГАЛИНА МАЛЫГИНА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ


Жастар ресурстық орталығының мүшелері зейнеткерлерге үнемі қолдау көрсетіп тұрады.

СНХ: АЙСҰЛУ БЕКІМОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ


Волонтерлердің айтуынша, қарттарға көмек көрсету олардың өмірін жеңілдетіп қана қоймай, өзін қадірлі әрі маңызды сезінуіне де әсер етеді.