Өңірде 22-26 наурыз аралығында өзендердің жоғары ағысынан, жазықтар мен жылғалардан еріген қар суының келуіне байланысты, мұздың одан әрі еріп, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі болжанған. Соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын үй және шарушылық құрылыстарды су басуы мүмкін. Бүгінгі таңда Сергеев су қоймасы бөгетінің жотасынан асып төгілу 97 см-ге жеткен. Корнеевка ауылындағы Үлкен Тораңғұл көлінде су деңгейі 367 см-ге көтеріліп, қауіпті деңгейге жетті. Облыстың басқа су айдындарында жағдай тұрақты.