Өңірге жасаған жұмыс сапарының екінші күні Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен ведомстваның жедел тобы өкілдері облыстық әкімдікте іске қосылған «Ахуалдық орталық» пилоттық жобасының мүмкіндіктерімен танысты. Қазір бұл жүйеге су басу қаупі басым 8 аудан қосылған. Сондай-ақ осы күні төтенше жағдайлар министр Петропавлдағы Ущев көшесі мен Прибрежное ауылындағы бөгеттерді нығайту жұмыстарының атқарылу барысы, Новоникольское ауылындағы өрт сөндру бекеті мен Аққайың ауданындағы №9 өрт сөндіру бөлімінің материалдық-техникалық базасының жай-күйін көрді.

«Ахуалдық орталық » соңғы үлгідегі заманауи техникалармен жабдықталған. Бұл жерден дәл қазір су басу қауіпі жоғары аудандардағы жағдайды бақылауға мүмкіндік бар. Ондағы ахуал дрон арқылы бақылауға алынып, орталыққа нақ осы мезет жайлы ақпараттар бірден түсіп отырады.

СНХ: РУСЛАН ӘЛІШЕВ- ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ


Жаңа жүйе әзірге су басу қаупі жоғары 7 аудан МЕН Петропавлдағы жағдайды бақылауға мүмкіндік береді. Оталықтағы ақпараттар үш сағат сайын автоматты түрде ұшырылатын 8 дроның бейнебақылау есептері арқылы жаңарып отырады.

СНХ: ШЫҢҒЫС ӘРІНОВ – ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ


Өткен жылғы су тасқыны жалпы еліміз үшін үлкен сабақ болды. Мақсат, биылғы жылы ондай шығынға жол бермеу.

СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ – СҚО ӘКІМІ 


Казгидромет кәсіпорны мамандары сырттан ағып келетін су көлемі ұлғаймаса, Сергеев су қоймасындағы биылғы жылғы су мөлшері өткен жылғыдан төмен болуы керек деп болжап отыр.

Петропавлдағы Ущев көшесі маңында тұрғызылған бөгетті бетон плиталарымен нығайту жұмыстары аяқталуға жақын. Осы жылы бұл жерде сонымен қатар суда құтқару станциясының құрылысы да басталады. Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері мен облыс әкімі құрылысқа бөлінген жер телімін көріп, Қызылжар ауданындағы Прибрежное ауылы маңындағы бөгетті нығайту жұмыстары барысымен танысты. Оған Қарағанды қаласынан келген 52859 әскери бөлімінің сарбаздары жұмылыдырылды Олар қазір инертті материалды қаптап, бөгетке полипропилен жабындысын төсеумен айналысып жатыр.

Шыңғыс Әрінов бастаған арнайы жұмыс тобы осы күні Новоникольск елді мекенінде ерікті ауыл құтқарушыларынан жасақталған өрт сөндіру бекетіне де болды. Ол «Зенченко и К» командиттік серіктестігінің базасында орналасқан.

СНХ: ИВАН ЗЕНЧЕНКО – «Зенченко» ЖШС директоры


Бекетте тәулік бойына кезекшілік атқарылады. Нысан бір өрт сөндіру көлігі және төтенше жағдайлардың алдын алуға қажетті құрал жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

СНХ: ШЫҢҒЫС ӘРІНОВ – ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ


Төтенше жағдайлар министрлігінің жұмыс тобы Аққайың ауданында орналасқан №9 өрт сөндіру бөлімінде де болды. Қазіргі күні бұл жерде 26 адам еңбек етеді. 5 арнайы техника бар. Алайда қолданыстағы екі ғимаратта ескірген. Бірі 1966 жылы салынса екіншісі 1984 жылы қолданысқа берілген. Аудан әкімі министрлік өкілдерін өрт сөндіру бөліміне жаңа ғимарат салу жайындағы сызбамен таныстырды. Блокты-модульден тұрғызылатын жоба құны 1 миллиард 600 миллион теңгеден асады. Онда гараж, жұмыс кабинеттері мен жатын бөлмелерден бөлек спорт залы, жаттығу залы, футбол алаңы да бар. Нысанның материалдық-техникалық базасымен танысқан Шыңғыс Әрінов, жаңа жоба қолайлы екндігіне тоқталып қаржыландыру масәлесін қарастыратындығы жеткізді.