АҚЖҮНІС МҰҚАТАЙ, ТІЛШІ:
- Бүгін Наурызнама онкүндігі бойынша жыл басы. Облыс орталығында мереке 2 ші күн қатарынан тойланып жатыр. Қала тұрғындары мен қонақтарына арналған концерттік іс- шара да өз жалғасын табуда.
Орталық алаңда қонақтарға Наурыз мейрамына арналған бағдарлама ұсынылды. Мерекелеп келгендер қолөнер көрмелерін тамашалай алды. Қыз-келіншектердің назары қазақи нақыштағы бұйымдарда болса, ерлер қауымы спортқа деген бейімдіктерін көрсетіп жатыр. Ал ұлттық құндылықтар туралы қонақтар киіз үйлерге кіріп, қазақ халқының салт-дәстүрлері және әдет-ғұрыптарымен таныса алды. Жиналған халықтың қарасы кешегіден аз болмады.
Мереке басты алаңда да өтті. Мұнда ұлттық аспаптарда ән шырқалып, өңірдің танымал би ұжымдары өз өнерлерін паш етті.
Бұл алаңда да жиналған адам қарақұрым. Ұлттық дәстүр мен өнерді насихаттаған мазмұнды бағдарламалар дайындалған. Балалар алтыбақан теуіп, қазақ халқының ұлттық ойындарын ойнады. Наурыз мерекесі тағы бір мәрте барша жұртшылықтың басын қосты. Алаңға жиналған қауым бір-бірін мейраммен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Петропавлда биыл Наурыз мейрамы бар сән-салтанатымен 2 күн бойы тойланбақ.