СНХ: АҚЖҮНІС МҰҚАТАЙ, ТЛШІ
- Қазір орталық алаңда дәстүрге айналған «Бауырсақ батл» конкурсы өтіп жатыр. Ортаға 5 адам шығып, бауырсақ жеп жарыспақшы. Олай болса, қызықты ойынның куәсі болыңыздар.
Жарысқа қатысуға ынта білдіргендердің қатары аз болмады. Алдымен ортаға 5 ер адам шықты. Олардың әрқайсына 5 бауырсақ пен қақалып қалмауы үшін су ұсынылды. Ойын шарты ер адамдарға аса қиындық тудырмады. Еркін Сейітов бауырсақты бірінші жеп болды. .
СНХ: ЕРКІН СЕЙІТОВ, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ
Сайыстың екінші кезеңінде ортаға қыз балалар шықты. Оларға 3 бауырсақтан үлестірілді. Қыздар арасындағы тартысты сайыс жиналған қауымның қолдауымен одан әрі қызды. Жеңіске 20 жастағы Сабина Гуденкова жетті.
СНХ: САБИНА ГУДЕНКОВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ
Балалар да бауырсақ жеп жарысып, өзара мықтыны анықтады. Дәстүрлі «Бауырсақ батл» конкурсын тамашалап, қолдау білдерген қауымның қарасы қалың болды.
Сайысқа қатысқан қала тұрғындары мен қонақтары құр қол қайтқан жоқ. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сыйлықтар табысталды.