Қызылжардың аспаны ән мен күйге бөленді. Ұлыстың ұлы күні орталық алаңда сән салтанатымен кеңінен аталып өтті. Мерекеге орай киіз үйлер тігіліп, ұлттық дәстүрлер көрсетілді.
Мерекелік іс-шараның ауқымы кең. Этноауыл бой көтерген, қыз келіншектер ұршық үйіріп, балалар қыштан құмыра жасап, бүркіт пен құмай тазымен суретке түсіп мәз. Шеберлер қолөнер бұйымдарын жәрменкеге шығарды. Алаңда ұлттық спорттық ойындар да ұйымдастырылды. Арқан тарту, асық ату, қазақша күрес сияқты жарыстарға қала тұрғындары мен қонақтары белсене қатысты.
Наурыз мейрамында ұлттық дәстүріміз қайта жаңғырып, халықтың бай мұрасы дәріптелді. Солардың бірі - жүн иіру. Апаларымыз арнайы құралдарымен жүнді тазалап, иіріп, жиналған жұртшылыққа қолөнердің қыр-сырын көрсетті. Бұл-жастарға тағылым.
СНХ: БИБІГҮЛ СЫЗДЫҚОВА – ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ
Мейрамгүл Адахқызы Наурыз мейрамын тойлау үшін арнайы Астана қаласынан келген. Ол қазақтың ұмыт болған «Қарын бүрме» аты ұлттық тағамын алып келіп, тұрғындарға таныстырды.
СНХР: МЕЙРАМГҮЛ АДАХҚЫЗЫ –ҚОЛӨНЕРШІ, АСТАНА ҚАЛАСЫ
Одан бөлек орталық алаңда қолөнер шеберлері жасаған түрлі ұлттық бұйымдардың көрмесі де ұйымдастырылды. Ұлттық нақыштағы, асқан шеберлікпен жасаған бұйымдар халықтың назарынан тыс қалмады.
СНХР: ҚОРЛАН ЖАКИНА – ҚОЛӨНЕРШІ
Әжелеріміз кимешек, ерлер жағы оюлы шапан киіп, мәз мейрам. Барлығының тілегі бір – елдің амандығы. Қуанышты сезімдерін қала тұрғындары біздің телеарна арқылы да жеткізді.
Мерекелік бағдарлама аясында жергілікті өнерпаздар ән шырқап, би билеп, театрландырылған қойылымдар көрсетті. Ұлттық киім киген әртістер қазақ халқының салт-дәстүрлерін сахналап, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз көпшілік асыға күтетін мерекеге айналды. Оны ұлтына, дініне қарамастан барша жұртшылық бірге атап өтеді.