Хименко 1 мекен жайы бойы орналасқан тұрғындар Наурыз мейрамын ерекше қарсы алғандардың бірі болды. Олар мерекелік дастархан жайып, қалалық мәдениет үйінің әртістерінің өнерлерін тамашалады.
КТМ: тұрғындармен бірге дәстүрлі наурыз дастарқанын аралап, ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарын тамашалады. Жақында бұл мекенжайдың ауласында абаттандыру жұмыстары жасалған болатын. Облыс әкімі жасалған жұмыстардың сақталуының маңыздылығына тоқталды.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО ӘКІМІ
Мереке барысында қазақтың ұлттық тағамдары мен қолөнер бұйымдары ерекше назарда болды. Халық дастарқанына қойылған баурсақ, наурыз көже мен басқа да дәмді тағамдар – бұл мерекенің басты символы. Ал қолөнер шеберлері ұлттық киімдер мен әшекейлерді көрмеге қойып, келген қонақтарға шеберлік сыныптарын көрсетті.
СНХ: ИРИНА РАЧЕНКО, МҮЛІК ИЕЛЕРІ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Мереке барысында балаларға арналған ойындар мен түрлі конкурстар ұйымдастырылды. Қала тұрғындары бір-бірімен әсем әндер айтып, ұлттық билерді билеп, Наурыз мейрамының көңілді атмосферасына бөленді.
Наурыз мейрамы бұл ауланың тұрғындары үшін ерекше сәтке айналды. Бұл күн әрбір адамның жүрегінде қуаныш, шаттық пен үміт сыйлады.