«Абылай хан резиденциясы» музей кешені «Ласточка» және «Батыр» бөбекжай-бақшасымен бірлесіп наурыз мерекесіне орай іс-шара өткізді. Мұнда дефиле ұйымдастырылып, ұлттық ойындар да ойналды. Осылайша балалар Наурыз мейрамының маңызы мен мәнін білді.
Мерекелік іс-шара «Қазақ халқының ұлттық құндылығы» жобасы аясында өткізілді. Балалар осы жоба арқылы қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен ұлттық ерекшеліктері туралы терең білім алып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсету мүмкіндігіне ие болды.
СНХ: ӘСЕМГҮЛ КЫДБЕКОВА, «АБЫЛАЙ ХАН РЕЗИДЕНЦИЯСЫ» МУЗЕЙ КЕШЕНІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Сондай-ақ балаларға қазақтың ою-өрнектерін кестелеу және ою, тоқу техникасы көрсетілді. Одан бөлек ұлттық ойындар ойналып, дәстүрлі ойындары арқылы ұжымдық жұмысты, ептілік пен шапшаңдықты дамытуға мүмкіндік алды.
СНХ: КӘМШАТ ҒАБДУЛЛИНА, «ЛАСТОЧКА» БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ МҰҒАЛІМІ
Мерекеде балалар Абай Құнанбаев пен Мағжан Жұмабаев сияқты ұлы ақындардың өлеңдерін оқыды.
СНХ: РУЗАНА УКЕНОВА – «ЛАСТОЧКА» БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ
«Қазақ халқының ұлттық құндылығы» жобасы аясында әлі де бірқатар іс-шара жоспарланған.