Наурыз мейрамы қарсаңында Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада «Нұр Наурыз – халық тойы» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.
Әдеби – музыкалық кеште еңбек ардагерлері,облыстың құрметті азаматтары ақындар, кітапхана оқырмандары шықырылып, Е.Серкебаев атындағы өнер колледжінің оқушылары мен студенттері өнер көрсетті. Іс — шара барысында қазақтың салт-дәстүрлерінің бірі-көрісу көрсетілді. Жиынға келген ата-әжелер ізгі тілектерін білдіріп, Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.
СНХ: ЖАҢЫЛ ҚОЖАХМЕТОВА, «ҚЫЗЫЛЖАР. ҚАЗАҚ АНАЛАРЫ – ДӘСТҮРГЕ ЖОЛ» ҚБ МҮШЕСІ
СНХ:БЕЙСЕН ҚҰЛШЫҚОВ, АРДАГЕРЛЕР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ