6637 әскери бөлімінің жеке құрамы 4 наурыздан бастап су тасқынының алдын алу жұмыстарына жұмылдырылды. Қазіргі таңда сарбаздар Тепличное кентіндегі бөгетті нығайтып жатыр.
6637 әскери бөлімінде 1000-ға жуық азамат Отан алдындағы борышын өтеп жатыр.Олар әрдайым қоғамдық тәртіпті және тыныштықты сақтауға атсалысады. Өткен жылы Төтенше жағдай кезінде барлық жеке құрам су тасқыны салдарын жоюға көмектесті. Биыл да сарбаздар бөгет нығайту жұмыстарына белсене қатысып жатыр. Бүгінде 7 мыңға жуық қапқа құм толтырылды.
СНХ: ШУХРАТ ӘШІМОВ, 6637 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ