Биылғы жыл айшықты оқиғаларға толы. Солардың бірі - Жеңістің 80 жылдығы. Бұл дата халықтың өмір сүру үшін қандай күш-жігер жұмсағанын еске салады. Сұрапыл соғыс пен құрылысы қатар басталған Петропавл жылу электр орталығы сол кезеңдегі экономиканың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуде және тылды қолдауда маңызды рөл атқарды. 

Мына ғимарат - Петропавлдағы бірінші жылу электр орталығы. "Севказэнерго"кәсіпорны осыдан бастау алады. Бұл электр станциясының құрылысы 1942 жылы қолға алынды. Оны тез арада салудағы бірінші мақсат, соғыс басталғанда Петропавлға көшірілген қорғаныс зауыттарын іске қосып, оларды үздіксіз энергиямен қамтамасыз ету болды. Нысан құрылысына әйелдер де тартылды.

СНХР: ОЛЬГА ЗОЗУЛЯ - "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ ПЕТРОПАВЛ ЖЭО-2 БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ 

Екінші жылу электр орталығының құрылысы қазандықтар, сорғы станциясы, турбинаны орнату, коммуникацияларды қосу секілді бірден бірнеше бағытта жүрді. Одан бөлек өз жұмысшыларына тұрғын үй кешендерін тұрғызып, балабақшалар, профилакториялар да салынды. Ол кездер туралы музейде сақталған фотосуреттер, куәліктер, грамоталар, құрмет кітаптары еске түсіреді.

СНХР: ОЛЬГА ЗОЗУЛЯ - "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ ПЕТРОПАВЛ ЖЭО-2 БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ 


Қазіргі күні екінші жылу электр орталығында қазандық, турбина машинистері, слесарь, электромонтер, ауысым басшыларынан құралған 800-ге жуық адам еңбек етеді. Олардың 300-і - әйелдер.