Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы жылу және электр энергиясын тұтыну тарифіне қатысты болды. Кеңес мүшелері нормативтік-құқықтық базаны ретке келтіру қажеттілігі туралы да айтты.
Тарифтерді қалыптастыру ережелеріне сәйкес, жылумен жабдықтауда тұтынушылар үш топқа бөлінеді. Бірінші топ – халық санатына жататын жеке тұлғалар. Екінші топ – бірінші және үшінші топтарға жатпайтын басқа тұтынушылар. Үшінші топ – бюджет қаражатынан қаржыландырылатын бюджеттік ұйымдар.
Снх: АЛЕКСАНДР КАЗАНЦЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ
Жалпы Петропавлда 1000-нан астам жеке кәсіпкер бар. Кеңселердің көпшілігінде коммуналдық қызметтер жеке тұлға ретінде төленеді. «Севказэнерго» АҚ өкілдері құқықтық құжаттарға нақтылық енгізуге қарсы емес. Бірақ олар өз қалауларымен бұл құжаттарға өзгеріс енгізе алмайды. Себебі бұл заңды бұзу болып саналады.
Снх. АНАТОЛИЙ КАЗАНОВСКИЙ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ
Қоғамдық кеңесте нормативтік-құқықтық базаны ретке келтіру қажеттілігі туралы пікір айтылған болатын. Жиын соңында бұл мәселелерге өзгеріс енгізу үшін Ұлттық экономика министрлігіне жүгіну қажет деген шешім қабылданды.