«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында Петропавлдағы №5 білім ордасында «Даналық мектебі» клубы ашылды. Клубтың негізгі мақсаты – ата-аналарға өзін-өзі тәрбиелеуді ұйымдастыруда көмек көрсету және оқушыларды тәрбиелеу дағдыларын дамыту. Бүгін алғашқы жиынға арнайы қонақтар шақыртылды.
Клубтың алғашқы жиынының тақырыбы – әртүрлі ұрпақтың диалогы деп аталады. Әр буынның өз ерекшеліктері және құндылықтары болғанымен, олар арасындағы өзара түсіністік пен құрмет қарым-қатынасты нығайта алады. Отан соғысынан кейін өмірге сәби көптеп келді. Жиынға қонақ болып келген Анатолий Башмаков осы буынның өкілі.
СНХ: АНАТОЛИЙ БАШМАКОВ, СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ
Жиын еркін форматта өтті. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, келген қонаққа сұрақтарын қоюға да мүмкіндік алды.
СНХ: ӘСИМА НҰРЖАНОВА, №5 ОРТА МЕКТЕПТІҢ 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
«Даналық мектебі» клубы негізінде апта сайын оқушылармен әртүрлі тақырыпта кездесу өткізілетін болады.