Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт шебері, ақын Виктор Денисенко биыл 75 жасқа толды. Соғыстан кейінгі алғашқы бесжылдықта дүниеге келген ол барлық қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткерді. Отан соғысына оның атасы мен әкесі де қатысқан. Бірақ екеуі де оралмады. Сондықтан болар, сұрапыл жылдардың ауыртпалығы ақын шығармаларының өзегіне айналған. Соғыс жаңғырығы Виктор Денисенконың жырларынан күні бүгінге дейін көрініс тауып келеді.

Отан соғысы жылдарындағы балалар ерте ер жетіп, ересектермен бірдей жұмыс істеуге мәжбүр болды, олар да аштыққа ұшырады, жақындарынан айырылды.

СНХ: ВИКТОР ДЕНИСЕНКО – АҚЫН


Виктор Денисенконың әкесі майданда із-түссіз жоғалғандар қатарында. Соғыстан атасы да қайтып оралмады. Ақынның бірнеше жыр жинақтары Отан қорғау жолында шейіт болған батырларға арналған. Бәлкім бұл әкеге, атаға деген сағыныш шығар.

Әр шаңыраққа қаралы хабар жеткізген сол жылдар халық үшін оңай болған жоқ. Қанша жыл өтсе де соғыс жаңғырығы еш ұмытылмайды.