«Ас дәмді болсын!»
Ескендір Дәуітов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжінде ұлттық тағамдарды дайындау бойынша шеберлік сағаты өтті. Жиынға этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Наурыз қарсаңында Петропавл қызмет көрсету саласы колледжінде мерекел3к іс-шара өтті. Тәлімгерлердің жетекшілігімен студенттер ұлттық тағамдарды дайындаудың құпияларымен бөлісті. Ас әзірлеу барысын этномәдени бірлестіктердің өкілдері қадағалады.
СНХ: ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, "URPAQ" ҚАЗАҚ МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Қуырдақ - пияз бен дәмдеуіштер қосылған балғын еттен дайындалатын тағам. Хош иісі мен ерекше дәмі арқылы көпшіліктің сүйікті асына айналған.
СНХ: АНАСТАСИЯ ВОРОБЬЕВА, Е.ДӘУІТОВ АТЫНДАҒЫ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ
Шеберлік сағаты "Қазақтану" жобасының "Ас дәмді болсын" бағыты аясында өткізілді. Жиын дәстүрге айналған.