Негізгі Жаңалықтар «Кітапхана – уақыт айнасы»

«Кітапхана – уақыт айнасы»

Кітап – өткен мен бүгінді жалғайтын алтын арқау. Ал оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін киелі орынның бірі – кітапхана. Петропавлда И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхананың 50 жылдығына орай «Кітапхана – уақыт айнасы» атты кітапхана түні өтті. Кеште оқырмандарға арналған бірнеше тақырыптық аймақ құрылып, түрлі интерактивті алаңдар ұйымдастырылды. Толық ақпарат келесі сюжетте.

И. Шухов атындағы орталық қалалық кітапхана – өңірдің мәдени өмірінде өзіндік орны бар руханият ордасы. Оның тарихы 1976 жылы қалалық кітапханалар Петропавл орталықтандырылған кітапхана жүйесіне біріктірілген кезден басталды. Содан бері мұнда талай оқырманға кітап әлемінің есігі ашылып, мәдени-ағартушылық бағыттағы жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді. Ал кітапхананың 50 жылдығына арналған бұл іс-шара мол мұраны бүгінгі оқырманға таныстырудың бір үлгісі болды.

СНХР: ЛӘЗЗАТ ЕРҒОЖИНА, И.ШУХОВ АТЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ ҚАЛАЛЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ №2 ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Кешке келген қонақтарды Welcome-зона музыкалық сүйемелдеумен қарсы алды. Фотоаймақта естелік суреттер түсіріліп, балалар абонементінде «Киндерлэнд» алаңы жұмыс істеді. Ал жедел лотерея мен интерактивті ойындар кешке келген көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Оған қоса, ретро және IT-зоналар да келушілердің назарын аударып, кештің мазмұнын түрлендіре түсті.

СНХР: ЗУЛЬФИЯ ТУХВАТУЛЛИНА, SKO HUB ӨҢІРЛІК МЕНЕДЖЕРІ

Кітапхананың жарты ғасырлық тарихында мұнда еңбек еткен мамандардың да өз қолтаңбасы бар. Мерейтойлық кеште осы салаға жылдар бойы еңбегі сіңген жандарға құрмет көрсетілді. Солардың бірі – Бахыт Нонахова. Ол арнайы кітапханада он жылға жуық уақыт қызмет етіп, кітапхана ісіне өз үлесін қосты.

СНХР: БАХЫТ НОНАХОВА, АРДАГЕР

Елу жылдық тарихы бар кітапхана бүгін де оқырманын жаңа форматтармен қуантып келеді. Аталған Кеш барысында бұл руханият ордасы жаңа қырынан танылып, оқырманға кітап әлемін жақындата түсті.


Бөлісу