Наурызнама аясында Шаңырақ күніне орай СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Бектұрған мен Жанболсын Рамазановтар отбасына барып, Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Наурыз мерекесінің қарсаңында атап өтілетін шаңырақ күніне орай көпбалалы отбасымен кездесіп, сыйлығын табыс етті.
Шаңырақ күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Рамазановтар отбасымен кездесіп, Наурыз мерекесімен құттықтады. Бектұрған ағамыз бен Жанболсын апамыз – отбасы құндылықтары мен берік қарым-қатынастардың жарқын үлгісі. Олар жарты ғасырдан аса уақыт бірге өмір сүріп, өзара сүйіспеншілік пен құрметті үлгі етіп келеді. Облыс басшысы осы әулетке өзінің жылы лебіздерін білдіріп, сыйлық табыс етті.
СНХ: Ғауез Нұрмұхамбетов, СҚО әкімі
Бектұрған Құрмашұлы ширек ғасыр Жамбыл ауданындағы Үлгі ауылында мектепті басқарып, білім саласының дамуына өз үлесін қосқан ардақты ұстаз. Ал жұбайы Жанболсын Бәйкенқызы көпбалалы ана, «Алтын алқа» иегері. Ал балалары қоғамда өз орнын тауып, ата-анасының мақтанышына айналған. Бүгінде ақсақалымыз бен ақ жаулықты әжеміз 7 бала, 16 немере мен 7 шөберелердің қызығын көріп отыр.
СНХ: Бектұрған Рамазанов, ардагер ұстаз
Рамазановтар әулеті жұмысына адал, еліне өнегелі отбасылардың бірі. Облыс басшысы кездесу барысында бұл отбасыға бақыт шаттық және шалқымас қайрат тіледі. Ал жиын сонында барлық әулет мүшелері облыс әкімімен естелік суретке түсті.