Петропавлдағы М. Жұмабаев атындағы ІТ- мектеп - лицейде ата-аналар арасында волейболдан жарыс өтті. Бұл сайыс былтыр қыркүйек айында басталған. 56 команданың ішінен топ жарып шыққан 3 команда финалдық кезеңде сынға түсіп, өзара бақ сынады.
Мұндай ата-аналар арасындағы волейболдан жарыс облыста алғаш өткізіліп жатыр. М. Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп – лицейінінің директоры Бикеш Жанұзаққызының айтуынша, бұл жаңа жоба ата-аналар мен мектеп арасындағы қарым – қатынасты нығайтуға септігін тигізеді.
СНХ: БИКЕШ ҚАСЕНОВА, М. ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ІТ-МЕКТЕП – ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Волейболдан жарысқа барлығы 330-дан астам адам қатысқан. Ал, финалдық кезеңде бастауыш сыныптың, орта буынның және жоғары сыныптың ата-аналарынан құралған 3 команда бақ сынады.
СНХ: АЖАР ҚОСПАНОВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ
Жеңімпаз атанған командаларға қаржылай сыйақы берілді. Айта кетейік, бұл ақша мектеп игілігі үшін қолданылады. Жалпы, Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ – мектеп – лицейінде барлығы 1200-ге жуық оқушы оқиды. 116 мұғалім жұмыс істейді.