Облыста үш күн ішінде 16 жүргізуші әкімшілік қамауға алынып, 7 жылдан 9 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Олар көлікті мас күйде басқарып, өздеріне де, басқа жол қозғалысына қатысушыларға да қауіп төндірген. Бұл фактілер «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталды.

СНХР: Арман Оразбай — СҚО ПД патрульдік полиция батальонының инспекторы


Полицейлер ескертеді: көлік – жоғары қауіптілік көзі. Оны мас күйде басқаруға қатаң тыйым салынады. Жалпы, жыл басынан бері облыста 170-ке жуық мас жүргізуші жауапқа тартылған.