Петропавлда «AMANAT» партиясы жанындағы «Miras» республикалық кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, жергілікті билік өкілдері, қоғам қайраткерлері, мәдениет және өнер саласының қызметкерлері қатысты.
Кеңес барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, мәдени мұра мен ұлттық спортты дамыту мәселелері қаралды. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Miras» республикалық кеңесінің төрағасы Аманжол Әлтаевтың айтуынша, «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында бірқатар іс-шаралар жүзеге асЫП ЖАТЫР. Қазақ халқының жылқы түлігімен байланысы тереңде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи мұраның маңызын атап өткен еді. Осы орайда, Ботай мәдениетіне ерекше назар аудару қажет. Бурабайда өткен IV құрылтайда Аманжол Әлтаев тұлпар күнін белгілеуді ұсынып, бұл бастаманың Қызылжар өңірінде қолға алынуы тиіс екенін айтты.
СНХР: АМАНЖОЛ ӘЛТАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «MIRAS» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Партияның 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейтуге ерекше мән берілІП келеді. Бұл бағыттағы маңызды бастамалардың бірі – қаламыздағы орыс тілінде білім беретін БЭСТ, ІТ-лицей және №1 гимназияда қазақ сыныптарын ашу мәселесінің көтерілуі. Тілдік кемсітушіліктің кез келген түріне жол бермеу, қазақ тілін дамыту және оның күнделікті өмірде қолданылуын арттыру – басты мақсат. Осыған орай түрлі деңгейдегі іс-шаралар қолға алынуда.
СНХР: ЕРБАҚЫТ АМАНТАЙҰЛЫ, «MIRAS» КЕҢЕСІНІҢ АЙМАҚТЫҚ ТӨРАҒАСЫ
2023-2024 жылдары «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында мәдени нысандарды дамыту және жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Бұл бастама ұлттық мұраны сақтау мен оны жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.
СНХР: ДОСБОЛ ӘБДІРИІСОВ, СҚО ӘКІМДІГІНІҢ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
2025 жылғы жоспарға сәйкес, жалпы құны 1 млрд 141 млн 188 мың теңгені құрайтын 13 мәдени нысанды күрделі жөндеуден өткізу көзделген. Атап айтқанда, «Ботай» археологиялық ескерткішіне арналған монументалды құрылыс орнату, «Мағжан орталығы» мәдени орталығын ашу, сондай-ақ Айыртау, Мамлют және Жамбыл аудандарындағы мәдениет ордаларын жаңғырту жоспарланған.