Облыста көктемнің келуімен полицейлер түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, абаттандыру қағидаларын сақтаудың маңыздылығын айтып жатыр.
Еріген қар суы үйге кіріп, әбігерге салмауы үшін қарды уақтылы шығару қажет. Өңірде полицейлер қар шығарумен айналысатын қызметтерге көмектесіп жатыр. Өйткені қыс бойы қаңтарылып тұрған, қараусыз қалған автокөліктер жұмысты атқаруға кедергі келтіреді.
СНХР: Александр Кистенев — кәсіпорын директоры
Сондай-ақ тәртіп сақшылары барлық меншік түрлерінің иелеріне абаттандыру қағидаларын сақтап, маңайды қардан тазарту қажет екенін түсіндірді.
СНХР: Әлібек Ғабдуллин — СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы
Бұл қағидаларды бұзғандарға алдымен ескерту беріледі. Анықталған олқылықтар он күн ішінде жойылуы тиіс. Егер бұл талаптар орындалмай, құқық бұзушылықтар қайта анықталған жағдайда заңмен айыппұл салу көзделген. Айта кету қажет, СҚО-да полиция қызметкерлері жыл басынан абаттандыру қағидаларынын бұзу деректеріне қатысты 3 мыңнан астам ескерту жазған.