Биыл қазақтың көрнекті саяси қайраткері Жұмабек Ахметұлы Тәшеневтің туғанына 110 жыл толады. Осы күнге орай аты берілген №20 орта мектепте естелік іс-шара өтті.
Жұмабек Ахметұлы ұлт үшін рухы мықты тау тұлға болды. Қоғам қайраткерінің саяси қызмет жылдарында Солтүстік Қазақстанның әл-ауқатын жақсартуға қосқан үлесі зор. Іс-шара барысында мемлекет жане коғам кайраткерінің ескерткішіне гул шоғын кою расімі өтті. Кейін жиналған жұртшылық мектепте ашылған музейді аралады. Мұнда нар тұлғаның фотосуреттері мен қолданған заттары жинақталған.
Іс-шара барысында еліміздің саяси, мәдени дамуына еңбегі сіңген қоғам қайраткері жайлы “Қайсар жүректі қайраткер-Жұмабек Тәшенев” тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.
СНХР: ЖІБЕК ЖАМУЛДИНОВА, Ж.ТӘШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ №20 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ
Айта кетейік, 2015 жылы облыс орталығында орналасқан 20-шы орта мектепке мемлекет және қоғам қайраткеріНІҢ есімі берілген болатын. Жұмабек Ташенев 1986 жылы өмірден өтті. Бүгінгі күні Елордамыз – Астана, Көкшетау және Шымкент қалаларында ағамыздың есімімен аталатын көшелер бар.