Негізгі Жаңалықтар Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтамасыз ету

Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтамасыз ету

Қоғамда тең мүмкіндіктерді қалыптастыру мақсатында мүгедектігі бар жандарды қолдау жұмыстары жалғасып келеді. Бүгін Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде мүмкіндігі шектеулі студенттер үшін маңызды іс-шара өтті.

Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдау орталығы «Ten Qogam» 2021 жылдан бері ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қоғамда өз орнын табуға көмектесіп келеді. Жұмыстың басты бағыттарының бірі – тегін кәсіби курстар ұйымдастыру.

СНХР: АҚЖАН КӘРІМ, «TEN QOGAM» ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ


2021-2024 жылдар аралығында «Ten Qogam» орталығында екі мыңға жуық адамға кеңес берілген. Оның ішінде 68 азамат түрлі мамандықты меңгеріп, тұрақты жұмыспен қамтылған. Олар SMM, флористика, визажистика, ландшафт дизайны, веб-дизайн сияқты сұранысқа ие салаларда қызмет етіп жатыр.

СНХР: АРИНА БАСОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН КӘСІПТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ 2 КУРС СТУДЕНТІ


Айта кетейік, орталықтың 2025 жылға арналған жоспарына сәйкес, 40 адам кәсіби оқудан өтеді, 500 адамға кеңес беріледі, ал 25 түлекке жұмысқа орналасуға қолдау көрсетіледі.


Бөлісу