Көктемде су басу қаупі ең жоғары аймақтардың бірі — Есіл өзенінің бойындағы елді мекендер. Сондықтан қазір қауіптің алдын алып, мұз кептелістерін болдырмау үшін жұмыс қарқынды жүргізіліп жатыр. Бүгін мамандар Новокаменка ауылы маңында Есіл өзенінің мұзын жарды.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қызылжар ауданындағы Новокаменка ауылына барып мұз жару жұмыстарын, су тасқынны дайындық барысын тексерді. Бұл жерде 18 елді мекен маңында 36 учаскеде мұз жару жұмысы жоспарланған.

ӘЗІМХАН МЕРҒАСИМОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ ТЖ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ


Тасқынның алдын алуға бағытталған бұл жұмыстарға 62 млн теңге бөлінді. Бұл сома өткен жылмен салыстырғанда 5 есе көп. Мұз жару жұмыстарын Петропавл қаласы мен Айыртау, Ғабит Мүсірепов, Қызылжар, Тайынша, Ақжар және Уәлиханов аудандарында орындау жоспарланған.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов барлық аудандарда наурыз айының соңына дейін мұз жару жұмыстарын аяқтауды тапсырды.