Борки кентінде шаңғы жарысынан облыстық чемпионат өтті. Жарысқа Петропавл мен Солтүстік Қазақстан облысының 9 ауданынан 113 спортшы қатысты.
Борки кентінде аймақтың ең мықты жасөспірім шаңғышылары жиналды. Жарыстың бірінші күні командалық спринт өтті. Алдын ала нәтиже бойынша бірінші күні Аққайың, Мамлют және Қызылжар аудандарының спортшылары алда болды. Бүгін олар командалық эстафетада бақ сынайды.
СНХР: АЛЕКСАНДР ВАСИЛЬЕВ - ЧЕМПИОНАТТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ
Қатысушылар арасында Мағжан Жұмабаев ауданының тумасы-Матвей Шавкун бар. Ол шаңғымен жүгіру спортымен үшінші сыныптан бастап жаттыға бастаған. Бүгінде жасөспірім жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Чемпионаттың бірінші күні Матвей үшінші орынға ие болды.
СНХР: МАТВЕЙ ШАВКУН – ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Шаңғы тебуге 2008 жылы туған және одан кіші бес жас тобындағы спортшылар шықты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталар және медальдармен марапатталады