Жұмысшы мамандықтар жылы аясында еңбек адамдарын қолдау және оларға баспанаға қолжетімді жағдай жасау мақсатында «Отбасы банк» биыл 17 наурызда «Наурыз Жұмыскер» бағдарламасын іске қосады. Бұл туралы өңірлің коммуникациялар алаңында өткен брифнгте айтылды.

Бұл бағдарламы іске асыру үшін банк 72 млрд теңге қаражат бөледі. Соның арқасында 2 440 жұмысшы қолжетімді заемдар алып, өзінің тұрғын үй мәселесін шеше алады.

СНХ: НҰРЖАН ӘЛІБЕКОВ, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ


Бағдарламаға қатысуға өтінімдерді қабылдау 17 наурызда басталады. Сондай-ақ, биыл «Отбасы банк»"Наурыз" бағдарламасы бойынша бастапқы жарнаны төмендетті. Бұл азаматтардың қаражатын үнемдеуге және тұрғын үй сатып алуды тиімдірек етуге мүмкіндік береді. Енді осы жылы бағдарламаға қатысуға өтініш беру үшін жинақ шотында кемінде 2 миллион теңге жинақтау қажет.

СНХ: НҰРЖАН ӘЛІБЕКОВ, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ


«Наурыз» бағдарламасы 8 жылға шақталған. Осы уақыт аралығында еліміздің 68 мың азаматын жеке тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарда бар. Айта кетейік, оған қатысуға 5 наурыз бен 31 наурыз аралығында өтінім беруге болады.