Шал ақын ауданында 6 балықшы қар құрсауында қалып қойды. Оларды құтқару үшін арнайы техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.
Сергеев су қоймасына 6 ер адам балық аулауға шығып, қайтар жолда батып қалды. Олардың үш автокөлігі қалың қарға кептетіліп, өздігінен шыға алмағандықтан көмекке жүгінуге мәжбүр болған. Шал ақын ауданының төтенше жағдайлар қызметіне хабар түскен бойда құтқарушылар дереу жолға шықты. Құтқару операциясына арнайы жол талғамайтын «ТРЭКОЛ» техникасы қолданылып, балықшылар аман-есен эвакуацияланды. Мамандар қолайсыз ауа райында алыс жолға шықпауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.