Негізгі Жаңалықтар СҚО әділет Департаментіне жаңа басшы тағайындалды

СҚО әділет Департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің жаңа басшысы тағайындалды. Бұл лауазымға Естай Рашқалиев келді. Ол әділет саласында 17 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. Жаңа басшыны ұжымға Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова таныстырып, оның кәсібилігіне сенім білдірді.

Естай Елтайұлы әділет органдарында 2008 жылдан бері қызмет етіп келеді және сот-құқықтық жүйеде мол тәжірибе жинаған. Бұған дейін Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған. Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова жаңа басшыны ұжымға таныстырып, халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және атқарушылық өндіріс тиімділігін қамтамасыз ету – департаменттің негізгі міндеттері екенін атап өтті. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті құқықтық жүйенің маңызды буыны ретінде тұрғындардың заңды құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарын жалғастыра бермек.


Бөлісу