Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту – инфрақұрылымның тозуын азайту мен қызмет сапасын арттырудың маңызды бағыты. Осыған байланысты «Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасы іске асырылып, оның аясында энергетика, электрмен жабдықтау және су жүйелерін жаңғырту іс-шаралары қолға алынған. Сондай-ақ, тұтынудың әлеуметтік нормаларын енгізу мәселесі қарастырылып, бұл коммуналдық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталып отыр.
Жүзеге асырылатын жобалар Солтүстік Қазақстан электрЖЕЛІСТІК тарату компаниясы акционерлік қоғамы жабдықтарының тозу деңгейін 97%-дан төмендетуге бағытталған. Бұл желілердегі апат санын қысқартуға және электрмен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
СНХР: АЛЕКСАНДР ЧЕКУЛАЕВ, «СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЭЛЕКТРЖЕЛІСТІК ТАРАТУ КОМПАНИЯСЫ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ
Су жеткізу саласында тұтыну лимитіне байланысты төрт деңгейлі тариф қолданылады. Мәселен, 3 текше метрге дейінгі тұтынуда қолданыстағы тариф сақталады; 3-тен 5 текше метрге дейінгі тұтыну үшін тариф 20%-ға жоғарылайды; 5-10 текше метр аралығында тариф 50%-ға өседі; ал 10 текше метрден асқан жағдайда және су есептеуіш құралы жоқ тұтынушылар үшін екі еселенген тариф белгіленеді.
СНХР: ЖЕҢІС СҰЛТАНОВ, «ҚЫЗЫЛЖАР СУ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ
Табиғи монополия субъектілері қосымша алған табысты тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы басым міндеттерді шешуге, соның ішінде желілер мен жабдықтарды жаңғырту мен қайта құруға бағыттайды.