СҚО әкімінің өкімімен Әділхан Сырлыбайұлы Сағындықов СҚО әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Әділхан Сырлыбайұлы Шымкент қаласының тумасы. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін және Қазақ гуманитарлық-заң университетін экономика және менеджмент, құқықтану мамандықтары бойынша тәмәмдаған. Осы тағайындауға дейін Қазақстан таеквондо Федерациясының Бас хатшысы қызметін атқарды. Айта кетейік, бұған дейін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасын Сергей Мелехов басқарған болатын. Қазір ол Петропавл қаласы әкімінің орынбасары лауазымында.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ