Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ел астанасында ерлік жасаған әйел-полицейлер жиналды. Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Ольга Кангозина «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Қызмет барысында ол түрлі оқиғалармен бетпе-бет келеді.
СНХР: Ольга Кангозина — Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің аға жедел уәкілі
Ольга криминалдық полиция бөлімшесінде қызмет атқарады. Кезекті жұмыс күні аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасарының кабинетінде жұмыс жоспарын жасаудан басталады. Мұнда министрлік пен полиция департаментінің тапсырмаларын, ағымдағы жедел жағдайды негізге ала отырып, нақты міндеттер айқындалады.
2021 жылдың 8 қаңтарында полиция капитаны шеніндегі Ольга Хлеборобное ауылындағы сайлау учаскесінде кезекшілік атқарды. Бұл жерде фельдшерлік-акушерлік пункт орналасқан. Босанғалы жатқан әйелді аудан орталығы Булаево қаласына апара жатқан фельдшер уақыттың тым аз екенін түсініп, дәл осы учаскеге келіп көмек сұрауға мәжбүр болған. Дәрігерлермен бірге Ольга нәрестенің дүниеге келуіне көмектесті. Бұл оқиғаны бүгінде полиция майоры Кангозина күлімдеп еске алады.
СНХР: Ольга Кангозина — Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің аға жедел уәкілі
Қаңтар айының сол күні болған оқиға Ольганың полиция қызметін бекер таңдамағанын көрсетті. Тәртіп сақшысының айтуынша, мұндай оқиғалар қызметтің маңыздылығын арттырады.