Мерекеге орай Төтенше жағдайлар департаментінде де салтанатты іс-шара өтті. Мейрам иелері үшін концерт ұйымдастырылып, ізгі тілектер мен жылы лебіздер айтылды. Біразы ведомстволық наградалар және Құрмет грамоталары сияқты марапат алып, құрметке бөленді.

Мерекелік жиын барысында өз тағдырын азаматтық қорғау органдарындағы қызметпен байланыстырған, жауапты жұмысты жақындарына қамқорлық, бала тәрбиесі және отбасыдағы берекені сақтаумен үйлестіре білген әйелдердің құрметіне құттықтаулар айтылды.

ЖОМАРТ АСҚАРОВ, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫ


Күн сайын жүздеген әйел адамдарды қорғау мен құтқаруға елеулі үлес қосып, қызмет етеді. Солардың бір қатары міндеттерін адал атқарғаны үшін мерзімінен бұрын атақтармен, ТЖМ және ТЖД грамоталарымен, сондай-ақ облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

СНХ: РАУШАН МӘТЕНОВА, СҚО ТЖД БАС МАМАНЫ


Барлығы 15 қыз-келіншек мараптақа ие болды. Жиын концерттік бағдарламамен жалғасты.