Облыс орталығының тұрғындары өздерін қолөнер саласында да сынап көру мүмкіндігіне ие болды. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облыстық "Birgemiz" волонтерлік фронт-офисі "Жүректен жүрекке" атты шеберлік сағатын ұйымдастырды. Оның барысында іс-шараға қатысушылар өз қолдарымен түрлі туындылар жасап бақ сынады.
8 наурыз қарсаңында Петропавлда ерекше акция ұйымдастырылды. Қала тұрғындарына ұлттық стильде өз қолдарымен бұйым жасауға мүмкіндік берілді. Бақ сынағандарға білікті ісмерлер ақыл-кеңес беріп тәжірибемен бөлісті.
СНХР: ЖҰЛДЫЗ ТОҚТАРҒАЗЫ -СҚО ІІБ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ
Мына жерде өз қолыңмен ұлттық нақыштағы туынды жасауға қажетті заттардың бәрі бар. Шеберлік сағатында бақ сынағандардың бірі бас киімді безендірумен айналысса енді бірі қаңылтырлардың көмегімен сырға жасады.
Наурыз мерекесі қарсаңында Петропавлда сондай-ақ "Зергерлік бұйымдарды жина және өзіңе ал" , "Бауырсақ Fest" деп аталатын бірқатар іс-шара өткізілмек.