Облыста ауыл әкімдері арасында үстел теннисінен турнир өтті. Оған өңірдің түкпір-түкпірінен келген 20-дан астам мемлекеттік қызметші қатысты. Жарысты «AMANAT» партиясының облыстық филиалы мен үстел теннисінен облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ұйымдастырды. Бұл турнир бұқаралық спортты дамытуға және бейресми ортада пікір алмасуға да мүмкіндік береді.

Үстел теннисі қолжетімді спорт түрі. Сондықтан жарысқа барлығы 17 ауылдық округтің әкімі қатысты.

МИРАС НАЗАРОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ СҚОФ КЕҢЕСШІСІ:

- Ауыл әкімдері арасында үстел теннисінен турнир өтіп жатыр. Сәрсенбіден бастап яғни 19-шы ақпаннан топтық кезең өтті, оған 17 ауылдық округтің әкімі қатысты. Солардың ішінен 8 адам плей-оффқа өтті. Бүгін міне екінші кезең басталды. Бірінші ширек финал, кейін жартылай финал және финал болады. Осы кезеңдердің нәтижесі бойынша үш үздік орынға марапаттар табысталады.

Іс-шараның мақсаты - саламатты өмір салтын насихаттау және үстел теннисі спортын дамыту. Қатысушыларға да бұл жарыс жақсы көңіл-күй сыйлады.

ЕРЖАН ХАМИТОВ, КЕЛЛЕРОВКА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ, ТАЙЫНША АУДАНЫ:

- Өзім үстел теннисімен айналыспаймын. Бірақ мектеп кезімнен жақсы көретінмін. Кез-келген жүрде мүмкіндік болса осылай бас тартпай ойнап кете беремін. Бүгінгі ойында бәрі жеңіске жетуді қалайды, бірақ біз үшін ең бастысы - бейресми жағдайда кездесіп, тәжірибе алмасу. Мұндай турнирлерді жиі ұйымдастырған дұрыс деп ойлаймын. Спорт бізге жігер береді және жұмысымыздың нәтижелі болуына көмектеседі.

Жарыс қорытындысы бойынша Сергеевка қаласының әкімі Ерұлан Ғабдуллин бірінші орынды иеленді. Чистовское және Келлеровка ауылдық округтерінің әкімдері екінші және үшінші орындарға ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен медальдар табысталды.