Тайынша қаласында өрт кезінде 3 қызды құтқарған 38 жастағы Айдын Ақанов облыстық ТЖД бастығының алғыс хатымен марапатталды. 17 ақпанға қараған түні жұмыс орнында болған Айдын тұрғын үйдің шатырынан шыққан жалынды байқаған. Ойланбастан терезені сындырып, үйден 16, 15 және 6 жастағы үш қызды алып шықты.

Марапаттау рәсімінде балаларды құтқарған азаматқа аудан әкімі Берік Әлжанов, «Рощинское 2016» ЖШС-нің басшылығы және қоғам өклдері шын жүректен алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.