Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде жоғары сынып оқушыларына арналған ашық есік күні өтті. Қаладағы 7 мектептің оқушыларына білім ордасындағы мамандықтар туралы ақпарат берілді.
Іс-шараның мақсаты — оқушылар мен олардың ата-аналарын колледжбен және мамандықтармен таныстырып, ақапарттандыру. Ашық есік күнінің бағдарламасында тек оқу орны бойынша экскурсия ғана емес, сонымен қатар түлектермен кездесу де ұйымдастырылды.
аударма
ТАТЬЯНА ШУСТОВА, Б.ӘШІМОВ АТЫНДАҒЫ ПЕТРОПАВЛ МАШИНА ЖАСАУ ЖӘНЕ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Біз ашық есік күнін әдеттегіден өзгеше қылып өткізіп жатырмыз. Барлық оқушыларға ұнайтын квест түрінде ұйымдыстырдық. Ашық есік күнінің бағдарламасына не кіреді? Оқушылар ең алдымен, колледждің ішімен және түлектермен кездеседі. Кейін «Мамандық таңдау – болашақты таңдау» атты квестке қатысады. Ол 7 станциядан тұрады: техникалық, теміржолдық, электрлік, автомобильдік, логикалық, слесарлық және жылу техникалық. Ойын арқылы балалар болашақ мамандықтарын анықтай алады.
Колледж мамандықтың 12 түрі бойынша білім береді. Басым бөлігі – қоғамға керек жұмысшы мамандығы.
аударма
ЭРИК ЧЕН, Б.ӘШІМОВ АТЫНДАҒЫ ПЕТРОПАВЛ МАШИНА ЖАСАУ ЖӘНЕ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ:
- Мен екінші курста техник-электрик мамандығы бойынша оқимын. Бүгін мен ашық есік күнін ұйымдастыруға көмектесіп жатырмын. Бір кездері мен де мектеп оқушысы болып, осы жиынға қатысқан едім. Нәтижесінде мамандығымды дұрыс таңдауға шешім қабылдадым. Мұнда студенттер ге жайлы жағдай жасалған. Зертханалар бар, тәжірибеден өтуге болады. Шәкіртақы төленеді, жатақхана да бар.
Ашық есік күніне 7 қала мектебі шақырылды. Колледжде білім алуға биыл мектепті аяқтайтын 9 сынып оқушысы Бадридин Хамидов қызығушылық танытты. Ол болашағын техникалық мамандықпен байланыстыруды жоспарлаған.
БАДРИДИН ХАМИДОВ. М.АЙТҚОЖИН АТЫНДАҒЫ №1 МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ:
- Маған ұнағаны және есте қалғаны — оқытушыларДЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІ ер адамдар. Маған техникалық сала ұнайды. Маған ұнайтын мамандыққа бұл жерде оқытады екен.
Жалпы, бұл колледжде 980 студент білім алады. Оқу тегін.