Облыстық қоғамдық кеңес жаңа құрамда алғашқы отырысын өткізді. Күн тәртібіне білім беру саласына қатысты мәселе шығарылды. Өңір бойынша барлығы 449 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар. Осы жылға балабақшаға ата-ана төлемінің мөлшері және мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау туралы білім басқармасының басшысы хабарлады.
Бірінші сұрақ - бюджет қаражатының көлемі шегінде 2025 жылға арналған мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға арналған білім беру тапсырысын бекіту туралы қаулының жобасы. Облыста мүмкіндігі шектеулі 5 мыңнан астам бала бар, оның 1206-сының мүгедектігі бар. Олар үшін 26 арнайы мекеме жұмыс істейді.
Айнагүл Сұрағанова облыстық білім басқармасының басшысы:
- Психологиялық-педагогикалық қолдауды сөйлеуі, интеллекті, қарым-қатынас және әлеуметтік өзара әрекеттестігі ауыр бұзылған балалар алады. Мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдар министрліктің бұйрығына сәйкес жиһазбен, қажетті құрал-жабдықпен жабдықталған.
Отырыста мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған білім беру тапсырысы, ата-ананың төлем мөлшері бойынша қаулы жобасы талқыланды. Облыста 449 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді, онда 16 мыңға жуық бала тәрбиеленіп жатыр.
Айнагүл Сұрағанова облыстық білім басқармасының басшысы:
- 2025 жылға біздің облыс үшін толық емес күн болатын топтағы балалар үшін жан басына норматив 28 029 теңге, қалада 25 199 теңге, балалар 9 сағат болатын топтар үшін айына - 58 202 теңге, балалар 10,5 сағат болатын топтар үшін - 63325 теңге, санаторий тобы үшін - 95226 теңге, түзету тобы үшін -114727 теңге.
Өңірде 360-тан астам шағын орталық бар, оның ішінде 4 жекеменшік, 78 балабақша, оның 16-сы жекеменшік балабақша.