Тақырыпты жалғастырсақ. Өңірде полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстарды күшейтті.

50 тәртіп сақшысы мен білім беру саласының 400-ден астам қызметкері "Динамо" стадионында ауқымды профилактикалық іс-шараны өткізу үшін жиналды. Негізгі мақсат- халықты киберқауіптер туралы хабардар ету, интернет-алаяқтардың тәсілдерін тануға үйрету және балалар мен ересектерді цифрлық алаяқтардан қорғау. Бұл жолы акцияға негізінен мұғалімдер көптеп тартылды. Оның себебі – соңғы уақытта білім беру саласының қызметкерлері қылмыскерлердің құрығына көп түсетін болған. Жиналғандарға Петропавлда алаяқтықтың ең көп таралған түрлері мен әдістері айтылып, ақпараттық парақшалар, жадынамалар таратылды. Өткізілген профилактикалық іс-шараға полицияның барлық қызметтер мен бөліністерінің қызметкерлері жұмылдырылды.

ӘЛНҰР АХМЕДЬЯРОВ — СҚО ПД КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Білім беру қызметкерлері жиі алаяқтардың құрбанына айналуда. Мұндай жағдайлар соңғы уақытта көбейіп келеді. Іс-шараның басты мақсаты – интернет-алаяқтардан қорғану жолдарын түсіндіру. Жыл бойы департамент қызметкерлері профилактикалық шаралар ұйымдастырғанымен, интернет-алаяқтық фактілері азаймай отыр. Себебі тұрғындар берілген ақпаратқа немқұрайлы қарап, оны толық қабылдамайды, нәтижесінде алаяқтардың құрбаны болады. Мысалы, білім беру саласында жұмыс істейтін мұғалімнің атынан 40 миллион теңге несие рәсімделген, ал оның еңбекақысы 200 мың теңгеден аспайды. Соның салдарынан ол ай сайын 400 мың теңгеден астам несие төлеуге міндеттелген.