Өңір биыл 3 мыңнан астам қоныс аударушыны қабылдайды.
Өңірде білікті мамандар жетіспейді. Мемлекеттік бағдарлама аясында былтыр облысқа 2 547 адам көшіп келген. Оның 78%-ы жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар қоныс аударушыларға 1,8 миллиард теңге мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді.
Оның ішінде 1 млрд теңгеге тұрғын үй сатып алу үшін 278 экономикалық ұтқырлық сертификаты берілді. Еңбекке қабілетті азаматтардың 78% жұмысқа орналастырылды. Өңір биыл тағы 3 144 қоныс аударушыны қабылдауды жоспарлап отыр. Әлі де болса облыста ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және білім беру салаларында кадр тапшылығы бар.