20-21 ақпан аралығында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде Сүйіндік Бегалинді еске алуға арналған футзалдан 17-ші республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Бәсеке 9 команданың басын қосты.
Педагогика ғылымдарының кандидаты Сүйіндік Қазиқанұлы Бегалин Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжін 10 жылдам астам уақыт басқарған. Осы аралықта спорт саласына көп көңіл бөліп, дамытты. Өз ісінің білікті маманы ретінде әріптестерінің есінде қалды. Бүгінде өмірден озғанына 17 жыл. Содан бері колледжде дәстүрлі түрде футзалдан республикалық турнир өтеді. Ашылу салтанатына Сүйіндік Қазиханұлының жақындары мен достары да жиналды.
ЛӘЗЗӘТ УТЕЕВА, СҮЙІНДІК БЕГАЛИННІҢ ҚЫЗЫ:
- Колледж ұжымы үнемі менің әкемді еске алып, осы турнирды өткізіп келеді. Ұйымдастырушыларға және қатысушыларға, колледж директорына отбасымның атынан алғыс айтамын.
Чемпионатқа Ресейдің көрші облыстарынан да келді. Илья Тимофеев солардың бірі. Жарыстан олжамен оралуға бар күш жігерлерін салмақ.
ИЛЬЯ ТИМОФЕЕВ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ, ҚОРҒАН ҚАЛАСЫ:
- Футболмен 7 жыл айналысып келемін. Бүгін Қазақстанға бірінші рет келіп тұрмын. Қала қатты ұнады адамдары қонақжай. Ал турнирге біраз дайындалдық. Алыстан келгеннен соң елге жеңіспен оралғымыз келеді.
Турнир ертең яғни, 21-ші ақпан аяқталады. Жүлдегерлерге кубок пен сыйлықтар бар. Сондай-ақ спортшылар «үздік қақпашы», «үздік шабуылшы», деген бірнеше номинациялар бойынша марапатталады. Одан бөлек, Сүйіндік Бегалиннің туыстары номинация бойынша жеңімпаздарға құнды сыйлықтар табыстайды.