ҚР Ұлттық ұланы академиясы Конституция тақырыбына арналған халықаралық конференция өткізді. Іс-шараға Қазақстан мен Ресейдің жетекші ғалымдары, университет профессорлары онлайн режимде қатысты.

Ұлттық ұлан академиясында оқитын жас ғалымдар да конференцияға арнайы дайындалған. Мемлекетіміздің маңызды құжаты Қазақстан Республикасының Конституциясына биыл 30 жыл. Ата заңымыз еліміздегі адамның құқықтары мен бостандығының, демократияның, мемлекет қауіпсіздігі мен дамуының кепілі ретінде қызмет етіп келеді.

АМАНГЕЛДІ ИМАНОВ, ҚР ҰҰ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ӘСКЕРИ-ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ:

- Ұлттық ұлан академиясында конференцияларды жиі өткіземіз. Бүгін Конститутция тақырыбында жастарға, оқушыларға арналған іс-шра ұйымдастырып отырмыз.