Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Қазақ зағиптар қоғамында тегін заң көмегін ұйымдастырды. «Заң мен тәртіп» медиажоспарын тиімді іске асыру мақсатында өткен іс-шарада зағиптар керекті кеңес естіп, заңды мәселелер бойынша ақпараттармен танысты. Мұндай бастама көру қабілеті шектеулі адамдарға заңды түрде көмек алу мүмкіндігіне ие болды.

Ақнұр Сүлейменова-өңір тұрғыны. 73 жасында бір көзі ғана көрсе,жолдасы екі қос жанарынан айырылып отыр.Тұрғын 73 жастағы жұбайымен нотариус қызметіне жүгінуге келген.

АҚНҰР СҮЛЕЙМЕНОВА ӨНІР ТҰРҒЫНЫ:

- Жолдасыммен дәрілерге барғанда әр кабинеттен қағаздар алу қиын немесе өз кезегіңді күтіп тұрғанда қиынға соғады.

Облыста шамамен 500 мың азамат тіркеуде тұр. Олар 1 және 2 санаттағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Бұл адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету арқылы олардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында арнайы бағдарламалар мен шаралар қабылданып отыр.

ДИНАРА ҚАРАТАЕВА «СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ» БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

- Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Қзақ Зағиптар қоғамында тегін заң көмегін ұйымдастырды.Нотариустардың адвокаттардың заң консультаттарының ,жеке және мемелекеттік сот орындаушылардың ,сондай-ақ Департамент қызметкерлерінің қатыуымен,мұндай іс-шара әлеуметтік осал азаматтарға құқықтық мәселелрді шешуге көмектесуге мүмкіндік береді.

Бұл шарада зағиптар өз сұрақтарын қою арқылы сұрақтарына жауап алды. Өңір тұрғындары осындай мүмкіндікке қол жеткізгендеріне дән риза.