Петропавлдың еңбек ұжымдары арасында «Қызылжар 2025» қалалық спартакиадасы басталды. Ол спорттың 7 түрі бойынша өтіп жатыр. 11 кәсіпорын өз командаларын жарыс жолына қосқан. Алғашқы ойын үстел теннисінен өтті.

Бүгінде облыста бұл спорт түрі қарқынды дамып келеді. Петропавлда былтыр тіпті арнайы Үстел теннисі орталығы да ашылған болатын. Шапшаңдық пен ептілікті қажет ететін спорт түріне әсіресе жатардың қызығушылығы жоғары. Ал бұл іс-шара «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өткізіліп жатыр.

ИРИНА ПЮРКО – БАС ТӨРЕШІ:

- Петропавл қаласының әкімдігі еңбек ұжымдарының арасында "Қызылжар-2025" қалалық спартакиадасын өткізіп жатыр. Біздің өңірдегі ең ірі еңбек ұжымдары қатысады. Әр командада төрт адамнан. Қатысушыларға жақсы ойын мен сәттілік тілеймін.

Жарысқа келгендердің дайындық деңгейлері әр түрлі. Біреуі осы спортқа енді ден қойып жатса, енді бірінің бірнеше жылдық тәжірибесі бар. Жанкүйерлер де спортшыларды қолдап, жігерлендіріп отырды.

ВЛАДИМИР ПОНОМАРЕНКО – «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Биыл спартакиада еңбек ұжымдары арасында қайта ұйымдастырылып жатқаны өте қуаныштымын. Жақсы кең зал. Жарысқа 2 ай дайындалдық. Қарсылыстар мықты. Жақсы ойын өрнегін көрсетеміз деп ойлаймын.

Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар мен кубок медальдар табысталады.