Петропавлда 19 ақпанда кәріз құдығында газ жарылып, 5 жұмысшы жарақат алды. Олар коллектордағы ескі құбырды бөлшектеп алмақ болған. Жарылыс кезінде басы-мойыны күйген бес адам ауруханаға жеткізілді, қазір олар тиісті ем-дом алып жатыр. Полиция тергеу бастады.
ЮРИЙ КЛЫКОВ - СҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
- Оқиға Петропавл қаласындағы Жуков көшесінде орналасқан үйдің кәріз коллекторында болды. Мұндағы құбырды бөлшектеу кезінде алдын ала мәлімет бойынша газ-ауа қоспасының жарылысы болды. Салдарынан апаттық бригаданың бес жұмысшысы зардап шекті. Еңбекті қорғау талаптарының бұзылуы фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу бастады.