Өңірде полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алудың жаңа тәсілдерін қолданып жатыр. Жылдың басынан облыста интернет-алаяқтықтың 60-тан астам фактісі тіркелді. Шығын сомасы бірнеше миллион теңгеден асты.
Полицейлер профилактикалық іс-шараларды жаңа форматта жүргізуде — түсіндіру жұмыстарына тәуекел топтарын тартып жатыр, оған білімді, экономикалық белсенді адамдар, яғни, оқытушылар, дәрігерлер, мемлекеттік қызметшілер кіреді. Алаяқтықтың ықтимал зардап шегушілері үлестірме материалдарды алады. Содан кейін адамдар жаппай жиналатын орындарға барып, киберқылмыскерлердің негізгі қауіптері туралы тұрғындарға егжей-тегжейлі түсіндіреді.
ӘЛНҰР АХМЕДЬЯРОВ - СҚО ПД КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
- Бүгінде халықтың қаржылық сауаттылығы төмен. Статистикаға сүйенер болсақ, былтыр тұрғындар интернет алаяқтарға жалпы соммасы 942 млн теңгені беріп қойған, яғни 756 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді.
Тәртіп сақшылары, прокуратура өкілдері автовокзалдың күту залында жадынамалар таратты, шалғайдағы елді мекендерге кеткелі тұрған автобустарға кіріп, жолаушыларға киберқылмыстардың қаупі жайлы айтты. Полицейлердің айтуынша, алдын алу сипатындағы ақпарат түсіндіру жұмыстарына қатысып жүрген азаматтар үшін пайдалы деп есептейді. Бұған дейін осыған ұқсас түсіндіру жұмыстарына дәрігерлер де қатысты. Айта кету қажет, сол күннен бастап облыста бір де бір медицина қызметкері алаяқтардың қармағына түспеді. Полицейлер киберқылмыстарды ескертудің жаңа тәсілдерін келешекте пайдалануды жалғастыруды жоспарлап отыр.